«Ақкенттегі» өрт кезінде көмекке келген азаматтар марапатталды

16 тамыз 2023, 14:09

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Президент Жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:
Тілеужан Ахметханов, «Expo Masters» ЖШС менеджері;
Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі;
Эльдар Исмаилов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;
Йерделен Халил, «Gask Construction» ЖШС автокран операторы;
Кенан Мамедов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;
Вадим Романов, «Frank-Asia» ЖК автокранының операторы.
Қала басшысы өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты.
«Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін», — деді Ерболат Досаев.
Сонымен бірге, қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады