«Ақкенттегі» ахуал тұрақты

02 тамыз 2023, 11:05

Алматыда «Ақкент» шағынауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде орын алған өртке байланысты Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен тұрғын үй алдында жедел штаб құрылды. Штабта төтенше жағдайлар департаменті, полиция, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары бар.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді:
— Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтар мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
— Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеп шығу орындары ұйымдастырылды (178-ші лицейдің спорт залы мен қонақүй);
— Алматы қаласының Құтқару қызметі арқылы 250 орынға жиналмалы төсектер мен көрпе, матрац берілді;
— Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
— Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;
— Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
— Зардап шеккендер үшін жедел желі 87071872507; 3989820 нөмірлері арқылы жұмыс істеп тұр.
— Зардап шеккендерге уақытша тұратын орын ұсыну үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;
Қазіргі уақытта барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Аудан әкімі А. Қалдыбеков пен барлық мүдделі қалалық және аудандық қызметтер оқиға орнында жүр. Қазіргі кезде жағдай тұрақты,- деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады