Ақерке Бүркітбай карантин кезінде ұзатылғанын еске алды (Видео)

21 тамыз 2023, 16:22

Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың отау құрғанына үш жыл толыпты. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұзату тойында түсірілген бейнежазбаны жариялады.
«19.08.2020 жыл. Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық”, – деп жазба қалдырды.

Әнші осыдан үш жыл бұрын карантин кезінде тұрмысқа шыққанын еске алды.

“2020 жылы карантин уақыты болған соң ешқайда шыға алмадық. Сол үшін естелік болсын деп видеоны үйдің артында аулада түсіргенбіз. Жақын туыс, ағайын, дос-жаранмен аз ғана адамның басын қосып, ырымын жасап, үйден ұзатылдым. 3 жыл өте шықты. Бейнежазбаны анашымның арқасында мұрағаттан тауып алдық. Қандай күшті естелік”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай. Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, бақыт тіледі.
“Бақытты болыңыздар! Зейіннің ізінен бауырлары ере берсін!”, “Керемет жұпсыңдар! Алла тілмен көзден сақтасын”, “Сіздерге қызыға да қараймын”, “Шаңырақтарыңызға бақыт мәңгі қонақтасын”, “Бағың баянды болсын”, – деп жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз