jasqazaq.kz

Әкесін ұрып өлтірген: Полиция келінге де қатысты қылмыстық іс қозғады

12 қыркүйек 2025, 10:33

Жақында Түркістан облысынан тараған сұмдық жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. Ер адам өз қарт әкесін ұрып-соғып өлтірген. Бүгін күдіктінің әйеліне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның қарияны ұрып жатқан сәті бейнеленген видео тараған еді. Кадрда қарттың қанға боялған жүзі көрінеді. Жәбірленуші орнынан тұра алмағаннан кейін, күдікті әйелін шақырып, екеуі бірге әкесін сүйреп әкеткен.

Кейіннен бейнежазбада Түркістан облысының тұрғыны мен оның қарт әкесі екені анықталды. Әйелі бұл әрекетке еш қарсылық білдірмеген. Жантүршігерлік кадрларды көрші әйел жасырын түсіріп алған.

Полицияның Tengrinews.kz тілшісіне хабарлауынша, қарияның өлімінен кейін ұлына қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, ұлының әйеліне қатысты да тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (» кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған») бойынша қозғалған.

Сурет: Видеодан кадр/Tengrinews

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат