Айжан Есмағамбетова: Тамақтан улану 3 есе көбейді

10 тамыз 2023, 15:17

Елімізде жыл басынан бері 363 адам жаппай тамақтан уланған, оның 140-ы балалар. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға тамақтан уланбас үшін мейрамхана мен дәмхананы дұрыс таңдауға кеңес берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас санитар дәрігер тамақтан улану дерегі жиілеп кеткенін атап өтті. Оның айутынша, соңғы кездері халықты әртүрлі дәмханалар, мейрамханалар, фас-фуд өнімдері мен білім беру объектілері, балабақшалар мен мектептердегі асханаларда тамақтан улану дерегінің көбеюі алаңдатып отыр.

“Соңғы 3 жылда тамақтан уланудың саны 3 есе өсті. Биыл 7 айда жаппай тамақтан уланудың 17 дерегі тіркелді. 11 жағдайда уланудың себебі қоғамдық тамақтану объектілерімен, 3 жағдайда балалар ұйымдарымен, ал 3 дерек фаст-фуд жеткізу пунктімен байланысты болды», — деді Айжан Есмағамбетова.
Бас санитар дәрігердің айтуынша тамақтан уланғандардың 70%-да диагноз зертханалық деңгейде расталған. Тіркелген фактілер бойынша тергеп-тексеру, ал ошақтарда зертханалық зерттеу жүргізілген.

Қоғамдық тамақтану объектілерде жүйелік заңбұзушылақтардың негізгі себебі төмендегідей:

• Объектілерде персонал арасында ішек инфекциясы қоздырғышының анықталуы;

• Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және өндірістік бақылаудың болмауы;

• Өнімді дайындау, сақтау және өткізу шарттарын, тамақ дайындаудың технологиялық процесін бұзу, мерзімі өткен және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатсыз өнімді пайдалану.

Жаппай тамақтан уланудың барлық фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілген. Материалдар қылмыс құраманың бар-жоғын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілгенін мәлімдеді бас санитар дәрігер.

Вице-министр тамақтан уланбас үшін келесідей қарапайым кеңес берді:

• Мейрамханалар мен дәмханаларды мұқият таңдаңыз, тек жақсы деген жерге бару;

• Рецептурасы термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан аулақ болу;

• Үйде тамақ өнімдерін дайындау шарттарын, температуралық режимді және сақтау мерзімдерін сақтау.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады