jasqazaq.kz

Айзат Жұманова ауруханаға қандай күйде жеткізілді: ауруханадағы бейнежазба жарық көрді (Видео)

19 желтоқсан 2025, 15:08

Талдықорған қаласында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың қаза болуына қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Tengrinews мәліметінше, 19 желтоқсанда сотта іс материалдарын зерделеу барысында Айзат Жұманованы күйеуі ұрып-соққаннан кейін жеткізілген ауруханадан түсірілген бейнежазба ұсынылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға осы жылдың 22 маусымында Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Бейнекадрлардан жас әйелдің ауруханаға қандай күйде жеткізілгені анық көрінеді. Белгілі болғандай, Айзат медициналық мекемеге күйеуі, оның анасы және көршісінің еріп жүруімен, көршісінің көлігімен жеткізілген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді