Қайрат Нұртастың концертінде 300 мың теңгелік ішігін жоғалтты

12 наурыз 2017, 0:24

Павлодарлықтар Қайрат Нұртастан оның концертінде ішігін жоғалтып алған әйелдің өтінішін орындауды сұрап отыр. Бұл туралы павлодарлықтар қаракүзен ішігі жоғалған Алмагүл Байделдинованың жазбасында жазған.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша Байделдинова өзінің жазбасында белгісіз бір әйелдің оның қаракүзен ішігін алып, орнына жасанды ішікті қалдырып кеткенін жазған. Бұл оқиға әншінің концерті өткен Естай атындағы мәдениет сарайында болған. Павлодарлық 49 жастағы әйелдің айтуынша, Қайрат Нұртастың концертіне билетті оның туыстары сыйлаған. «Отбасым менің Қайрат Нұртастың жанкүйері екенімді біледі. Мен бұрыннан бері оны көруді армандағанмын. Міне, туыстарым да маған сыйлық жасады. Содан концерт аяқталған соң мен киім ілетін жерге бардым. Адам көп болғандықтан сондағы әйел менің нөміріммен бірге тағы бірнеше нөмірді алды. Содан бірнеше киімді бір-ақ алып, үстелдің үстіне лақтырды. Сырт киімдердің ішінде жасанды ішіктен жасалған қоңыр түсті ішік болды. Менікіне қатты ұқсады. Қарасам ішінде теріден жасалған баскиім тұр. Ал менің ішігім жоқ», — дейді әйел. Осылайша, Алмагүл концерттен көйлекпен қайтып, бірден полицейлерге хабар берген. «Бастапқыда ол әйел менің ішігімді қателесіп киіп кеткен шығар деп ойладым. Бірақ үш күн өтті ғой, қайтарып әкелсе болады ғой, өзі болмаса да, біреу арқылы. Видеобақылау камераларынан менің ішігімді алған әйелдің жасы шамамен 50-55-те екенін байқауға болады», — деп айтып өтті павлодарлық әйел. Сонымен қатар, ол ішіктің осыдан екі жыл бұрын 315 мың теңгеге несиеге алынғанын айтып өтті. «Бұл менің балаларымның сыйлығы, бұл мен үшін өте қымбат. Ішікті тек мереке күндері немесе қонаққа барғанда киюші едім. Өтінемін, жақсылықпен қайтарыңыздаршы», — деп жазды әйел. Ал Павлодардағы мәдениет сарайының басшылығы бұл жерде жұмысшылардың еш кінәсі жоқ екенін айтып отыр. «Біз қазір ішікті кімнің алып кетуі мүмкін екенін қарастырып жатырмыз. Бірақ киім ілетін жердегі әйелдің кінәсі жоқ деп санаймыз. Ол бірнеше нөмірді бірден алды. Себебі адамдардың барлығы тезірек кеткісі келеді. Содан ол киімдерді берді. Ішігін жоғалтып отырған әйел басқа жаққа қарап тұрғанда, оны екінші бір әйел алып кеткен. Мүмкін қателесіп ауыстырып алған щығар. Тергеу барысында осы мәселе қарастырылатын болады», — деді мәдениет сарайының директоры Асылбек Сапарбек. Енді әлеуметтік желі қолданушылары Қайрат Нұртастың павлодарлық әйелдің өтінішін орындап, қаламақысының есебінен оған ішік алып береді деп үміттеніп отыр. «Билеттердің бағасы 3 мыңнан 6,5 мың теңгеге дейін барды. Залда 900 орын бар, сондай-ақ, 100-ге жуық орындық қойылы. Әнші осы концертінде кем дегенде 5 миллион теңге табыс тапты. Әйелге ішік сатып алуға көмектессе болады ғой», — деп жазған қолданушылардың бірі..

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды