Айнұр Жүгінісова: Қазір «сенің басыңа мінуім керек» деген мақсат бар

24 қазан 2023, 10:33

Продюсер Айнұр Жүгінісова отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген кезінде әйелдер қазір еркекті бағындырып алғысы келеді деген сөзі көпшілікке жақпай қалды.

«Ақылды адам қарт кезін жас кезім деп ойлайды екен. Қазір бізде бүгінмен өмір сүр деген қағида пайда болды. Кейін сосын қартайған кезде адам ешкімге керек болмай жатыр қазір. Қазақта қарттар үйі болды ма? Болған жоқ. Аллаға шүкір, 30 жыл әйел болыппын. Күйеуімнен бір шапалақ жеп көрген жоқпын. Ол не? Өмір деген бағдаршам, тоқтайтын жерде тоқтау керек. Бізде қазір әйелдер бұрылудың не екенін білмейді. Бір кезде тоқтау керек екенін білмейді. Бірақ дана қазақтың әйелі байынан таяқ жемеген. Қазір мен сенің басыңа мінуім керек деген мақсат бар. Қазір қоғамда өз жұртында тәрбиеленіп жатқан немере жоқ, аз. Өйткені, нағашы керемет. Сенің жағыңды қой дейді келіншектер. Нағыз балаға керек кодты алды да тастады» ,- дейді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу