Айнұр Жүгінісова: Қазақ кимешегі кірлемеген, қара жамылмаған халық

19 қазан 2023, 10:50


Танымал продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова Назым Жанғазыға берген сұхбатында хиджаб пен кимешектің айырмашылығын атап айтты.
«Мен актриса болдым. Ол кезде мен не кимедім. Шашты да жайдық, тырыстырып та, жабыстырып та кидік. Бірақ адамда түйсік деген бар. Ертең мен ене болсам қандай ене боламын? Келінім келген кезде қалай қарсы алуым керек? Етек-жеңімді жинай бастадым. Сәл есімді жинай бастаған соң көйлегімді ұзарттым, шашымды жаба бастадым. Мына кимешектің өз энергетикасы бар. Хиджаб – арабтарда жамылу дегенді білдіреді. Кимешек те жамылу болып саналады. Бірақ біздің ата-бабамыз кимешекті түр-сипатымызға жарасымды етіп жасап кеткен. Хиджабты көрген кезде қорқатын себебіміз, ол біздің генетикамызда жоқ дүние. Сондықтан ол ерсі болып көрінеді. Қазір жалаңаш қызды көрсең де ерсі, қара жамылып алған қазақ қызын көрсең де ерсі. Қазақ кимешегі кірлемеген, қара жамылмаған халық. Қара түс бізде жамандықты білдіреді. Басына қайғы-қасірет келген кезде басына қара орамал таққан. Оның өзін жыл болмай әйелдер “басың ағарсын” деп ақ жаулыққа ауыстырған. Ауылда бізде екі апамыз ғана кимешек киетін. Көбі орамалды дүре тарту арқылы тағады, қартайған кезде иек асты түсіп кеткенде орамалды жағын жауып тартатын. Хиджаб пен кимешекті айыра алмайтындарға таңғаламын. Ол әр ұлттың ұлттық киімі ғой. Кимешек – діни емес, ұлттық негіздегі дүние”, – дейді.
Продюсер өзін намазға әкелген үлкен ұлы Рүстем екенін ашық айтты.
“Бәріміз атесит болып өскен балалармыз ғой. Бірақ Алла өзін мойындатайын десе, бір-ақ күнде көзіңді ашады. Мен Алланы тұңғышым ішімде жатып қозғалғанда мойындадым. 22 жастағы қызды “екі тамшыдан қалай адам пайда болып, дүниеге келіп, қалай сөйлейді” деген сұрақтар мазалады. Сол бала маған дінді мойындатты, намазға да әкелген тұңғышым”, – деп жан сырымен бөлісті.

 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді