jasqazaq.kz

Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ

31 шiлде 2025, 6:11

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру қайырымдылық жобасын» жүзеге асырады. Қор дың шапағаты Шымкент қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 мектеп-интернатына да тиіпті. Мектеп директоры Айгүл Жамалбекова бізге берген сұхбатында қордың осы көмегіне де тоқтала кетті.

– «Қазақстан халқына» қоры күрделі жөндеу барысында кабинеттерді жабдықтап берген болар?
– «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру қайырымдылық жобасымен» мектеп-интернатымызға дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту кабинеттеріне қажетті көрнекі құралдармен қамтамасыз етті. 12 оқу кабинеті жабдықталды. Ұлдарға арналған көркем еңбек және технология пәні оқу кабинеттерін құрал саймандарымен, яғни, ағаш және металл өңдеуге арналған станоктар мен электр құрал-саймандармен қамтамасыз етілген. Жаңа лазерлі құрылғы станоктарымен де жабдықталды. Қыз балалар үшін тігін машиналары және тігіншілікке қажетті құрал-жабдықтар, жиһаздармен толықтай қамтылған. Оған қоса дефектологтың кабинеті де жабдықталды.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары бойынша ерекшелігі түзету компонеттері, оның ішінде ым-ишараттық сөйлеу тілі, ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі, дыбыстардың айтылын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту пәндері бар.
Жалпы сыныптардың барлығына смарт парталар қойдық. Бізге оқушыларымыз қосымша диагнозбен де келіп жатады. Тек қана естімеушілігі емес, екінші диагнозымен де келеді. Әр баланың бойына қарай деңгейіне қарай реттелетін парталар бар ғой. Былтыр күрделі жөндеу кезінде бір миллиард екі жүз миллион теңге бөлінді деп айттым ғой. Содан конкурс кезінде алпыс миллион теңге үнемделді. Сол алпыс миллионға кабинеттердегі жәй тақталарды интерактивті панельдермен ауыстырып, интернетке жалғанды. Одан соң интернаттағы бүкіл кереуеттерді, төсек-жабдықтарын жаңаладық.
Асхана да толықтай жаңартылды. Сметалық құжат бойынша екі ойын алаңшасы қарастырылған болса, «Қазеврострой» мекемесі бізге үшінші футбол алаңшасын қосымша жасап берді. Сосын жалпы суғару жүйесін жасап берді. Сметада пандус қарастырылмаған еді. Сол пандусты талапқа сай етіп жасап берді.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді