jasqazaq.kz

Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ

31 шiлде 2025, 6:10

Инклюзивті қоғамда денсаулығында қандай да бір кінәраты бар баланың оқып, білім алуына жағдай жасауға ұмтылады. Бұл орайда баласына ең алдымен ата-анасы, жақындары көмекке келуі тиіс.

Шымкент қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры Айгүл Жамалбаева бүгінде ерекше баласын үйде қамап ұстайтын ата-аналардың азайғанын айтады.

– Айгүл Көмекбайқызы,  енді мына сұрақты қойғым келіп отыр. Бұрындары осындай ерекше баласы бар адамдар оны қоғамнан алшақ, жасырып ұстауға тырысатын. Сол тенденция әлі де бар ма?
– Расында да, бұрнағы кездерде қазақтар ерекше баласын жасырып бағатын, қоғамнан алыс ұстайтын менталитет болғанын жоққа шығара алмаймын. Былайша айтқанда, баласы үшін ұялатын. Отыз жылдан бері осы салада келе жатқан соң, небір оқиғалардың куәсі болдым. Балаларын  әкеліп тастап, қал-жағдайын сұрамайтындар да болатын. Оқу жылы аяқталып, каникул басталғанда баласын үйіне апарып беретінбіз. Қазіргі таңда, керісінше, ата-аналар баласын ертерек әкелуге тырысады. Елімізде ата-аналардың сауаты да, жауапкершілігі де жоғары. Баласына ертерек көмек беруге, жарыққа шығаруға тырысады. Баласының сөйлегенін, байқауларға, іс-шараларға қатысқанын қалап тұрады. Енді 170 баланың бәрі жарыққа шықпайтыны белгілі ғой. Арасынан қабілет, икемі бары суырылып шығады. Сондайда басқа ата-аналар ренішін білдіріп жатады. Дегенмен қазір ата-аналардың көзі ашық, көкірегі ояу екені қуантады.

– «Баласын үйіне апарып беретінбіз» деп айтып қалдыңыз. Сонда ондай ата-анаға шара қолданылмай ма?
– 1990 жылдары, еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, мұндай интернаттар, ашығын айтқанда, қараусыз қалған еді ғой. Арасында баласын әкетпек түгілі, мүлде хат-хабар алмайтын ата-аналар да болатын. Сабақ басталған кезде баласын әкелмейтіндері кездесетін. Ал сосын ол балаларды жанжақтан жабылып іздейтінбіз. Ал бұл интернатта дәл қазір сондай ата-аналар бар деп айта алмаймын. Себебі қазір ата-анаға заң жүзінде жоғары жауапкершілік жүктелген. Оларға қойылатын талап жоғары. Біздің ата-аналарымыз балаларын уақытылы әкетіп, әкелуге тырысады.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді