jasqazaq.kz

Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ

31 шiлде 2025, 6:07

Инклюзивті саясат барлық баланың қатарластарынан қалмай, теі дәрежеде білім алуын қамтамасыз етуді көздейді. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуына барлық жағдай жасалады. Ал есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттары бұрыннан бар. Мәселен, Шымкент қаласындағы осындай мектеп-интернат 56 жылдан бері жұмыс істеп түр. Оның қабырғасында құлағының мүкісі бар талай бала білім алып, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп жүргені сөзсіз.  Jas Qazaq тілшісіне берген сұхбатында Шымкент қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директоры Айгүл Жамалбекова осы білім мекемесін бітіріп шыққан түлектер туралы айтып берді.

— Өзіңіз басқаратын мектеп-интернатты аяқтаған түлектер әрмен қарай оқығысы келсе қайтеді?

— Біздің мектепті бітіргеннен кейін де бұларға әрі қарай оқу қарастырылған. 10 сыныпта «Кәсіпке баулу» бағдарламасын да оқытамыз. Жалпы колледжге жібермей-ақ, өзімізде жалпы базалық білімді беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Лаура Ботабаевамен тығыз байланыстамыз. Еліміз бойынша дәл осындай 99 интернат бар. Сол интернаттардың барлығында болашақта 10-11 сыныпты бітіріп, жалпы білім беру бағдарламасын оқыту мәселесі көтеріліп жатыр. Мысалы, колледжден кейін мүмкіндігі болып жатса, қалаған университетіне түсіп, жоғарғы білім алып шығады. Бізде университет бітірген ұл-қыздарымыз жетерлік. Мәселен, биыл ғана конкурспен Диқан Дархан деген жігітті жұмысқа қабылдадым. Өзі біздің мектептің түлегі, құлағы естімейді. Мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, кәсіби білімді де, жоғарғы білімді де алып, өзі оқыған мектепте еңбекке араласып отыр.
– Өткен оқу жылын қанша оқушымен қорытындыладыңыздар?
– Қазіргі таңда мектеп-интернатта 174 – оқушы, 55 – мұғалім, оның ішінде 12 – сурдопедагог маман, 48 – тәрбиеші қызмет атқарады. 174 оқушының елуі үйінен қатынап оқиды. Қалғандары интернатымызда жатып оқиды. Оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Жуынатын, кір жуатын бөлмелер, асханамыз да бар. Бізде бәрі тегін, балаға киімге де дейін тегін беріледі.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді