Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарты ғасырдан астам тарихы бар. Содан бері түрлі құрылыс сатыларынан, кезеңдерінен өткен мектеп-интернат 1969 жылы барлық жағдайы жасалынған ғимаратқа көшірілді. 56 жылдық тарихы бар білім ордасының бүгінгі бет-бейнесі, тыныс-тіршілігі туралы мектеп директоры Айгүл Жамалбековамен сұхбаттасқан едік.

– Оқушыларыңыз қандай оқулықтармен оқиды?
– Біз де сол «Атамұра» баспасының кітаптарымен оқытамыз. Біздің мектепте арнайы оқулық жоқ. Әрине, бағдарламаны барынша жеңілдетеміз. Оқушылар жалпы мектеп оқушылары сияқты ақпараттық бәрін қабылдамайды.
– Арнайы оқулық жазу мәселесін күн тәртібіне қойып, жоғары жаққа көтердіңіздер ме?
– Бұл мәселе қазір көтеріліп жатыр. Жалпы мектептер мен арнайы мектептердің білім бағдарламасы, бұйрықтары, ережелердің бәрі қайта қаралып жатыр. Министрліктен Лаура Асқарбекқызы осы салада жұмыс істейтін мамандармен жұмыс топтарын құрып жатыр. Ал нақты қашан өзгеріс болатынын айта алмайтын. Барлығы да уақыттың еншісінде.
– Сіздерде кадр тапшылығы жоқ па?
– 70 пайыздай маман тапшылығы бар. Себебі біздің мамандарымыздың басым бөлігі жалпы мектепте жұмыс істейтін математик, қазақ тілі, орыс тілі мамандары, кәдімгі дефектологтар. Кейін екінші мамандық ретінде оқып алып немесе қайта даярлау курстарынан өткендерді жұмысқа қабылдап жатырмыз. Ал нағыз дефектологтар жетіспейді. Ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы қайта даярлау курсынан өткен тәрбиешілерді жұмысқа қабылдап жатырмыз.
Сосын енді бұл жерге кіргеннен кейін ол маман қаласа да, қаламаса да, ым-ишара тілін жаттап алады. Себебі күнделікті балалармен сөйлескеннен кейін оны жаттауға тура келеді. Өмір өзі жаттатып қояды. Биыл ым-ишара тілін оқыту бойынша курсқа 25 маманымызды оқыттық.
– Мұғалімдеріңіздің біліктілігін көтеру кезінде қиындықтар жоқ па?
-Біздің мектептің мұғалімдеріне категория көтеру кезде қиындық туындайды. Себебі жалпы мектептің мұғалімдері оқушыларының жетістіктерімен категориясын көтереді. Ал біздің балаларға арналған балалардың жетістіктерін көрсететін конкурстар санаулы ғана. Сондықтан ерекше балаларды оқытатын мұғалімдердің біліктілігін көтеруде айырмашылық құжат жүзінде бекітілсе екен деймін.
— Әңгімеңізге рахмет!
Мөлдір Кенжебай,
Шымкент