Әйгерім Серікбайқызы: Кәсіппен айналысқысы келетін жастарға мүмкіндік көп

16 тамыз 2023, 15:21

 

 Біздің елімізде жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Соның бірі – кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау. Осындай көмектің нәтижесінде жастардың арасында мемлекеттен қайтарымсыз грант, пайызы төмен несие алып, кәсібін өркендетіп отырғандар көп.  Түркістан өңірінде кондитерлікті дамытып, жастар бағдарламасымен жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Әйгерім  Серікбайқызымен арнайы сұхбаттасып, кәсіп ашуының қыр-сыры туралы әңгімелестік.

— Әйгерім Серікбайқызы, алғашқы сауалды жастар саясатының орнықты жүргізілуіне тоқталсақ, елімізде расында да «жұмыс істеймін, кәсіп ашамын» деген жастарға, жас кәсіпкерлерге орасан қолдау көрсетіп жатыр. Міне, өзіңіз де құрылғанына бес жыл болған облыстың орталығында кәсібіңізді дөңгелетіп отырсыз. Жалпы Түркістан қаласында кәсіпкерлікпен айналысуға, жандандыруға мүмкіндік қалай?

Қазір кәсіпкерлікпен айналысып, шағын бизнесін дамытқысы келетін жастарға мүмкіндік те, жағдай да көп. Дегенмен барлығы да өзіңе байланысты. Талпынысың болса, қандай кәсіп болмасын, айналдырып әкетуге болады. Әркім өз икеміне қарай жұмыс істейді, тек өзіңе оңтайлысын таба білсең болды.

Бастапқыда өнімдеріме сұраныс аз болды. Сұраныс болмаса да жарнамалау арқылы өз кәсібімді алға жылжытып, бәсекелестердің көптігіне қарамай, менің өнімімнің үздік екенін дәлелдеуге күш салдым. Міне, сол сияқты жастар да алдынан кездескен сынаққа сынбай, жалқаулыққа салынбай, азғантай капиталмен бастап, кейін оны үлкен кәсіпке айналдыруына болады. Ең бастысы, еңбектенуден қашпау. Қазір интернеттің дамыған заманында түрлі әлеуметтік желілер арқылы өніміңді жарнамалап,  көпшілікке ұсына аласың. Елімізде  жастардың кәсіппен айналысуына назар аударылып, олардың дамуына, кәсібін ашып, өмірден өз орнын орнықты табуына арналған бағдарламалардың барлығы қуантады. Бұл біз үшін үлкен стимул. Сондықтан қандай да болмасын мүмкіндікті жіберіп алмай, тәуекелге бел буып, өзің армандаған кәсібіңді ашуға бекінуің керек.

— Өзіңіздің негізгі мамандығыңыз қандай? Қай оқу орнын бітірдіңіз? Кондитерлік саланы таңдауға не итермеледі?

Негізгі мамандығым — экономист менеджер. Банк саласында бес жыл кызмет аткардым. Бірақ ана ретінде балаларыма тіпті тамақ әзірлеуге уақыт жетпегендіктен, демалыс күндері жартылай дайын (жартылай фабрикат) әр түрлі тағамдарды дайындап қойып жүрдім. Онымен қоса тәттілерді де пісіре бастадым

Ең алғаш рет жұмыстағы қыздар менің пісірген тәтті-дәмділерімді сатуымды өтіне бастағаннан кейін оны кәсіпке айналдырып, ақша табуға болатынын түсіндім. Содан кірісі пен шығынын есептеп, белді буып, осы кәсіпті қолға алдым.

— Бүгінде жастарды қолдауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Дегенмен де жас кәсіпкер ретінде айтыңызшы,  тағы да қандай қолдау көрсетілуі керек?

— Жастарға арналған бағдарлама көп. Бірақ оны жастар пайдалана ала ма, мәселе сонда. Меніңше, жастарға әлі де үгіт-насихат жүргізіп, бағдарламалармен таныстыру керек. Ал жаңа бағдарламаға келсек, күні кеше көрмеде болған қатысушылармен сұхбатта білгенім, оларға білім жағынан көмек керек. СММ, таргет, салық пен СЭС саласы бойынша тек түсіндіру ғана отырысын ұйымдастырмай, бір сабақ ретінде нақты қалай, қайда, қандай құжат керек екенін үйрететін курс қажет деп ойлаймын. Мемлекеттік бағдарламалар жастарға жан-жақты түсіндірілуі керек. Жай ғана түсіндіріп қоймай, біз секілді жас кәсіпкерлермен кездесіп, сұрақ-жауап алмасуы керек. Сонымен қатар қандай құжаттар керек, қалай толтырылуы керек, кәсіп бастаудың жолдары да егжей-тегжейлі түсіндірілсее құба-құп. Меніңше, қазіргі жастардың көзі ашық, кез келген ақпаратты жылдам қабылдай алады. Дегенмен де бағыт-бағдар ұсыну дұрыс болар еді. Менің ойымша, ақпараттық түсіндіру жұмыстарынан гөрі, жастар кәсіпкерлермен жеке танысып, көзімен көріп, ақпарат алмасса жақсы. Одан бөлек, өзін қызықтырған кез келген сауалға жауап алар еді.

Жастарға, өзіңіздің замандастарыңызға, оның ішінде сіз секілді кондитер болғысы келетін, осы мамандықты игеруге құштар жандарға қандай кеңес айтар едіңіз?

Менің үнемі айтатыным, әрбір адам  өз  кәсібін жақсы көруі керек. Еңбек жолында адал болып, ешкімнің ақысын жемей, алдамай, өз ұстанымдары болса, сонда береке болады, ұзаққа баратын мәңгілік кәсіп болады. Тіпті балаларыма мұра етіп қалдыратындай кәсіп болу үшін жақсы білімді жан жақтан алып, дамытып система құру қажет.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады