jasqazaq.kz

Әйелімен ұрсысып қалған ақтөбелік аялдаманы талқандады (Видео)

19 қараша 2025, 15:23

Полиция әкімшілік хаттама толтырып, уақытша қамауға алды.

Ақтөбелік тұрғын Жалаңтөс батыр даңғылындағы аялдаманы аяғымен бір теуіп, сындырып жіберген. Бұл көліктің бейнетіркеу құрылғысына түсіп қалып, әлеуметтік желіге тарап кетті.

inform.kz хабарлағандай, полиция қызметкерлері аялдаманы бүлдірген ақтөбелікті дереу анықтады. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Асет Қалиев онымен сөйлесіп, не үшін істегенін сұрады.

— Ол өзінің кінәсін мойындап, заңнамада қарастырылған жауапкершілікті қабылдауға дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта ақтөбелік полиция бөлімшесінде. Процессуалды шешім қабылданғанша отырады, — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Видеодан аялдамада үш адамның тұрғанын көруге болады. Оның бірі әйел. Ақтөбелік дәл сол кезде әйелімен ұрсысып, ашуланған соң сындырғанын мойындады.

 

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді