Әйелдерге неге басшылықта 50 пайыз берілмейді?

27 қыркүйек 2023, 18:36

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден елдегі гендерлік теңдік мәселесін көтерді.
«Гендерлік саясатты іске асыру – еліміздегі өзекті бағыттардың бірі. Халқымыздың 51%-ы әйелдер қауымы екенін ескерсек, елдегі саяси өмірге де барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету маңызды. Әрине, қазір мемлекеттік басқару ісінде, саясатта, бизнесте де әйелдер үлесі біршама артқанын мойындауымыз керек. Жаңартылған министрлер кабинетінің өзінде 4 әйел бар. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Мемлекет басшысы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіруге баса назар аударады. Бірақ әлі күнге дейін мемлекеттік компаниялардың басқарушы санатындағы әйелдердің үлесі небәрі 6-7%», — деді Қарақат Әбден депутаттық сауал жолдай отырып.
Оның айтуынша, «Қазақстан Темір Жолы», «KEGOC», «Қазақтелеком» сынды ірі компаниялардың директорлар кеңесінде бірде-бір әйел жоқ. Кадрлар шоғырланған Астананада 5 аудан бойынша бір де бір әйел әкім немесе оның орынбарасы болып тағайындалмаған.
“Біз заман талаптарына сай болуымыз керек! Дейтұрғанмен, арамызда «Әйел бастаған көш оңбайды», «Шашы ұзынның – ақылы қысқа» деген архаикалық, патриархалды ұстанымдағылар әлі де көп.Керек десеңіз, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлдарға қарағанда, үздік оқитын қыздар көп. Саясат сахнасы білек емес, білімнің сыналар майданы емес пе?! Жалпы халықтың 50 пайыздан астам үлесін құрап отырған әйелдер неге басшылықта 50 пайыз орынды алмайды деген заңды сұрақ туындайды. Көп ойланудың қажеті жоқ: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолында біз 30 пайызға жетіп, 50 пайызға ұмтылуымыз керек», — дейді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді