jasqazaq.kz

Әйел төрт баласын неліктен пәтерге қалдырып кеткенін айтты

30 қараша 2017, 16:05

Алматы полицейлері төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткен әйелді іздеп тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еңбекшіқазақ ауданының қамқоршылық органының өкілдері төрт баланы аудандық ауруханаға жеткізген соң полициядағылар әйелді іздестіру жұмыстарына кірісті.

Балалардың үлкені — 7 жаста, кішісі — 10 айлық. Әйелді іздеп табуға жалдамалы пәтердің иесі көмектесті. Жалға берушілердің айтуынша, ол пәтерді ер адаммен жалдап тұрған. Балалардың анасы Алматы облысы Шелек ауылынан табылды. 26 жастағы әйел полициядағыларға жолға ақшасы болмағандықтан қайтып келе алмағанын айтып түсіндірді. Қамқорлық органдарындағылар әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттарды дайындап жатыр. «Көршілерінің арқасында қайғылы жағдайдан аман қалдық. Олар балалардың жылап жатқанын естіп, үйге барған. Онда тәулік бойы ештеңе ішпеген, ештеңе жемеген 10 айлық нәресте мен оның әпкелерін көрген. Біздің өкілдер онда келгенше көршілері балаларды тамақтандырған. Олардың үйінде жылу істемей тұрған», — деді аудандық білім бөлімінің қызметкері Алмагүл Дүйсебаева. Әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін жақын арада аудандық кәмелетке толмағандарға арналған комиссия қарастыратын болады. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында әйелдің төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткені хабарланған болатын.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда