jasqazaq.kz

Айдын Рахымбаевтың баласы әскерге барды

10 қараша 2025, 10:28

Сурет: facebook.com/rakhimbaev

BI group компаниясының  басшысы Айдын Рахымбаевтың баласы әскерге барды. Бұл туралы компания басшысы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

«Алты ай бұрын ол King’s College London университетіне IT мамандығы бойынша оқуға түсті. Біз оның оқуына байланысты қандай да бір сұрақтар туындаса, мен оны жасырып-жабамай, заң бойынша әскерге баратыны туралы алдын ала келісіп едік. Міне, сол сәт келіп жетті, және ол нағыз ер азамат ретінде Отан алдындағы борышын өтеуге кетті. Осы біздің отбасымыз үшін маңызды әрі мақтанышқа толы сәтті бөлісу үшін онымен бірге анасы мен қарындасы барды. Ал оқуын ол міндетті түрде жалғастырады — тек енді шынығып, нағыз ер жігітке тән мінезбен оралады! Барлық қазақстандық сарбаздарға сәтті қызмет, ал ата-аналарға сабыр мен төзім тілеймін!», деп жазды бизнесмен.

Кенже ұлы кеше ант қабылдағаны белгілі болды.
«Енді біздің еліміздің де , отбасымыздың да қорғаушысы болады . Келешекте оқуын міндетті түрде жалғастырады , әзірше нағыз азамат болып Отан алдында борышын өтеп жатыр ! Барлық сарбаздарға сәттілік тілеймін , аман-есен оралсын!», деп жазды А.Рахымбаев.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді