jasqazaq.kz

Air Astana ұшағы апаттық сигнал беріп, Алматыға шұғыл қонды

17 желтоқсан 2025, 9:29

Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana пайдалануындағы Airbus A321N
EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Air Astana ұшағының салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтауда.

JQ-Aqparat

Сурет: airastana.com

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді