Аида Балаева: Съезд өз жұмысының әр кезеңінде жаңа идеялар мен бастамаларды енгізуде

11 қазан 2023, 13:31

Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хатшылықтың күн тәртібі бойынша талқыланатын мәселеде игі шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

«20 жыл бойы съезд қызметінде дін лидерлерінің қатысушылары ретінде куәгер болып келе жатырсыздар. Бүгінгі таңда хатшылыққа үлкен қолдау көрсетіп келесіздер. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында съездің беделі артып келе жатыр. VII съезд өткеннен бері бір жыл өтті. Бұл бұрынғы өткен съездерден ерекше болды. Съезд өз жұмысының әр кезеңінде жаңа идеялар мен бастамаларды енгізіп келе жатыр. Олар осы қорытынды құжаттарда көрініс тауып отыр және азаматтарға, бүкіл әлем елдерінің үкіметтеріне арналған үндеу ретінде көрініс тапты», – деді мәдениет және ақпарат министрі.

Аида Балаеваның айтуынша, өткен съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралған. Ол — БҰҰ-ның Бас ассамблеясында айтылды, декларация 37 тармақтан тұрады.

«Әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие әрі бүкіл халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жетекші, саяси қайраткерлердің пікіріне ие болды. Бүкіл әлемдік қоғамдастық бұл съездің өткен идеяларын ілгерлетіп жатыр. Соңғы жылдың ішінде 400-ден астам түрлі материал жарияланды. Қазіргі XXI-ші хатшылыққа қатысушылар съездің мақсаты мен идеяларын өз елдеріңізде ілгерлетіп отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер әлемдік қоғамдастықта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып келе жатырсыздар», – деді Аида Балаева.

JQ-Aqparat

Фото: baigenews.kz

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді