Аида Балаева: Мені отандық әртістердің, мәдениет қайраткерлерінің концерті неге өтпейтіні мазалайды

06 қазан 2023, 18:24

Өткенде ТМД кеңістігінде танымал артист Максим Галкиннің концерті өтпей қалып, оны сан-саққа жүгірткендер болды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды. Министр: «Мен бұл мәселені саясиландырғым келмейді. Өйткені концерт ұйымдастырумен коммерциялық ұйымдар айналысады. Мені отандық әртістердің, оның ішінде концерттерге дайындалып жатқан мәдениет қайраткерлерінің концерттері неге өтпейтіні мазалайды. М. Галкиннің концертіне қатысты түсініктеме берілді. Концерттің өтпеуі саясатпен немесе жеке мәселелермен байланысты емес», — деп жауап берді.
Аида Балаева мәдениет пен өнердің саясаттан тыс екенін атап өтті.
«Кез-келген жанрдағы барлық орындаушылардың миссиясы, ең алдымен, халыққа рухани және мәдени тұрғыдан азық беру. Мен мұнда ешқандай субтекст көріп тұрған жоқпын, мәселе талқылауға жатпайтын сияқты», — деді Аида Балаева.

JQ-Aqparat

Фото: freepik.com

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді