Аида Балаева мен Катаржина Вавьерниа гендерлік теңдік мәселелерін талқылады

10 қазан 2023, 19:58


Бүгін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады. Кездесуде  өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері, оның ішінде гендерлік теңдік, жастар саясаты, экстремизмнің алдын алу және ақпараттық жұмыс мәселелері талқыланды.

Катаржина Вавьерниа  гендерлік теңдік мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелерге арналған (GESPI) сертификаттау бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарлама мемлекеттік органдардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға көмектеседі және жұмысты жақсарту үшін нақты қадамдар ұсынады.


Аида Балаева гендерлік теңдікті мәдениет және ақпарат министрлігі деңгейінде  ілгерілету ниетін растай отырып, бұл бастамаға қолдау білдірді. Аталмыш бағдарламаға қосыла отырып, министрлік Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады және мемлекеттің гендерлік теңдік мәселелері бойынша аймақтағы беделін жақсарта алады.

Сонымен қатар, кездесуде әйелдердің саяси рөлін және олардың гендерлік-сезімтал саясатты қалыптастыруға және шешім қабылдауға ықпал ету мүмкіндіктерін күшейту үшін Қазақстанда әйелдердің саяси желісін құру туралы ұсыныс айтылды.
Бұдан бөлек, жиында БҰҰ Даму бағдарламасының Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі бастамасы шеңберінде тәуекел топтағы жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бағытталған жастармен жұмыс мәселелері талқыланды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді