jasqazaq.kz

Аида Балаева М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

13 қантар, 11:22

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл толып отыр. Театр шымылдығы алғаш рет 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылған болатын.
Айтулы датаға орай Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз құттықтауын жолдады.
Аида Балаева: «Қазақ руханиятының қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын!
Ғасыр бұрын «Еңлік-Кебекпен» ашылған қасиетті шымылдық содан бері талай дәуірді артқа тастап, ұлттың тағдырлы кезеңдерін, арман-мұратын сахна тілімен сөйлетіп келеді. Киелі сахнада қазақ драматургиясының інжу-маржанына айналған «Абай», «Қобыланды», «Қарагөз», «Айман – Шолпан» және өзге де туындылар сахналанды.
Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде «Ұлттық» мәртебеге ие театр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр», — деп, театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тіледі.
JQ-Aqparat
Сурет: aikyn.kz

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге