Аида Балаева: Әртіске баға бергенде түп-тегіне қарамай, объективті болу керек

27 қазан 2023, 22:05

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталуына байланысты әлеуметтік желідегі жанжалға қатысты пікір айтты.

Министр кейбір сарапшылар түрлі мәдениет қайраткерлерінің жеке қасиеттерін бағалау кезінде ұшқары пікірге жол беретінін атап өтті.

«Аты аңызға айналған анасына қарап көпшілік Әли Оқаповтың шығармашылығына күмәнмен қарайды. Бірақ мен көп жылдар бойы жас орындаушылардың шығармашылығын, даму жолын мұқият қадағалап келемін. Әли де анасы сияқты өте еңбекқор, сахна шебері. Өз көрерменіне, аудиториясына зор құрметпен қарайтын жоғары білімді талантты өнерпаз. Әли де Роза Қуанышқызы сияқты патриот», – деді Аида Балаева.

Мәдениет министрі әншіні қорғап, оның отбасының шығармашылық мұрасына үлкен құрметпен қарайтынын және марқұм әкесінің ісін жалғастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Әли Оқапов әкесі Тасқын Оқапов жетекшілік ететін аты аңызға айналған «Арай» ансамблінің жұмысын қайта жалғастырып, «А-Студио» тобының әндеріне жаңаша үн беріп, жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп келеді. Министр оның әндері тіпті Қорғаныс министрлігінің іс-шараларында орындалатынын айтты.

«Мен бұл нағыз еңбек адамының үлгісі деп есептеймін. Ал адал еңбек қашанда жоғары бағаланады. Сондықтан баға берген кезде әртістің шыққан тегіне қарамастан объективті болуымыз керек деп есептеймін. Әли Оқаповтың марапаты жастарымызға үлгі болады және оларды ынталандырады», — деді Аида Балаева.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» орденінің берілуіне қатысты артық сөздер айтылды. Сондықтан Әли Оқапов бұрын алған барлық марапаттарынан бас тартатынын мәлімдеген еді.

JQ-Aqparat

 

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу