jasqazaq.kz

Ағасының жолымен: Шыңғыс Құрманғалиевтің жұрттан миллиардтаған ақша жинап, қайтармай жатқаны рас па?

30 шiлде 2025, 20:24

Mudarabah Capital ісі бойынша сотталған Алмас Құрманғалиевтің бауыры Шыңғыс қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды jasqazaq.kz .
Миллиардтаған ақша жинап, талайды сан соқтырған Алмас Құрманғалиевтің бауыры Шыңғыс Құрманғалиев туралы қыста блогер Михаил Козачков жазған болатын. Бірақ оған ешкім онша құлақ асқан жоқ.  Енді, міне, Алмас Құрманғалиевтің тендерге қатысып, ақшаңды еселеп береміз деген уәдесіне сенгендердің төзімі таусылған сияқты. Оның алаяқтық схемасына алданғандар саны 500-ден асуы мүмкін.
CMN. KZ  жазғандай, Алматыдағы баспасөз жиынын өткізген Ш. Құрманғалиевтің құрбандары жалпы шығын миллиард теңгеге жетуі мүмкін дейді. Шыңғыс Құрманғалиевтің үстінен арыз бергендер тергеудің өте баяу жүріп жатқанын айтады. Кейбір салымшылар ғана жәбірленуші деп танылған, көбінен әлі жауап алынбаған. Ал Ш. Құрманғалиевтің өзі куәгер мәртебесін иеленген.
Баспасөз жиынында 40 арыз, соның ішінде азаматтық шағым берілгені де айтылды. Медеу ауданы полиция басқармасында аса ірі көлемде алаяқтық жасау белгілері бойынша тергеу басталған көрінеді. Сот шағым бергендердің пайдасына шешім шығарған. Бірақ істің жылжымай тұрғанына жарты жылдан асыпты.
Шыңғыс Құрманғалиев 2019 жылдан бері тендерді «жамылып», қызметін қатты жарнамалаған. Әр салымшыға екі айда бір 10% көлемінде табыс төлеуге сендіргені сонша, кейбіреулер жалғыз пәтерін сатып, бүкіл ақшасын Шыңғыстың қолына апарып берген.
Салымшылардың қорғаушысы Анар Катебаева: «2024 жылдың наурыз айынан әр түрлі сылтаумен ақша төленбеген. «Тендерная биржа» ЖШС-нің қарызы 400 000 000 теңгеден асты»,- дейді.
Оның айтуынша, Шыңғыс Құрманғалиев ақшаны қайда жытырып жібергенін айтпай, салымшылардан қашып жүр.

JQ-Aqparat

Сурет: fingramota.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді