Әбілхан атамыздың суреттері ғажайып әсер сыйлады

05 қазан 2023, 15:52

Жас қалам

Шығыстың дара ойшылы әл-Фарабидің «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген сөзі бар. Әрбір адам өзінің өткенін, ата-бабасының тарихын, елінің, жерінің тарихын білуге міндетті. Бұл, әсіресе, біз сияқты студент жастарға қаратып айтылған сөз. Қаладағы мұражайларды бір-бір аралап шықсаң да, көп мағлұматты білуге болады. Мәселен, жақында біз Әбілхан Қастеев атындағы музейге экскурсияға бардық. Сөздің шыны керек, бұл экскурсия мен үшін өте пайдалы болды.

1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 ж.) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 ж.) қоры негізінде қаланған музейге 1984 жылы қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілген болатын. Міне, сол кезден бастап өнер мұражайы халыққа қызмет ете бастады. Көптеген оқушылар, студенттер, мұғалімдер, қарапайым адамдар, кез-келген саладағы маман иелері барып, тамашалай алады. Мұражай өте үлкен, суретшінің барлық туындылары осы арадан табылады. Үлкен төрт залда суретшінің құжаттары, кескіндеме, жеке заттары және 400-ден аса акварельдік туындылары сақтаулы тұр. Мұражайда Қазақстанның бейнелеу өнері, қолданбалы өнері, шетелдің классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды тоғыз ғылыми орталық жұмыс істейді.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған Әбілхан атамыз өте шыншыл, адал кісі болған. Көрген-білгенін еш өзгеріссіз қағаз бетіне сурет арқылы түсіріп отырған. Өмірінің соңына дейін сурет салумен айналысқан. Өмірінің соңында салған суретін өз көзімізбен көріп, ерекше бір күйде болдық. Өте мағыналы, қарап тұрсаң тұңғиығына алып кететіндей әсерлі сурет. Осындай керемет дүниені өз көзіммен көріп, атамыздың өз қолымен салған суреттері арқылы жақынырақ тани түстік десек те болады. Мұражай бізге ғажайып бір әсер сыйлады десем, артық айтқандық емес.

Аружан Оразбай,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті

Фото: sputnik

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді