jasqazaq.kz

Әбден азаптаған: Сотта Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстың егжей-тегжейі айтылды

Бүгін, 9:23

Сурет: Видеодан кадр

Атырауда денесі сегіз айдан кейін табылған Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. 23 жастағы бойжеткенді өлтіргендер марқұмның ұялы телефонын емін-еркін пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Күдіктілер Янаның атынан достарына түн ішінде жазба жіберіп, қылмысын жасырмақ болған. Кейін басты күдікті Ризуан Қайыржанов екеуара жазбаны түгел өшіріп тастаған. Ал марқұмның анасы Янаны тұншықтырып өлтірмес бұрын, қос күдікті қызын әбден азаптаған дейді. Ауыр қылмыстың егжей-тегжейі айтылған сот отырысына КТК тілшісі де қатысып келді.

Яна Легкодимованы айуандықпен өлтірген күдіктілер оның ұялы телефонын алып, курстасына жазба жіберген. Анасының айтуынша, мұның бәрі қылмысты жасыру мақсатында жасалған. Кейін марқұмның ол досы тергеуге шақырылып, тіпті күдікке ілінген.

Галина Легкодимова, марқұмның анасы: — Алғашқы күні оны да шақырды. Не себеп болғанын білмеймін, Ризуанды жіберіп қойып, оны алып қалған. Беканың мойнына қызымның өлімін ілгісі келді. Ол кейін қаладан кетіп қалды. Басқа өңірдің жігіті. Психологиялық тұрғыдан ауыр тиген.

Сотталушы Ризуан Қайыржанов тергеуде «Янадан таяқ жедім» деп түсініктеме беріпті. Яғни марқұм оған қол жұмсап, тұншықтырды деген. Алайда анасы мұның бәрін жоққа шығарды.

Зарема Хамидуллина, судья: — Қылқындыра бастады, ол адамға қол көтере ала ма?

Галина Легкодимова, марқұмның анасы: — Мектепте, университетте, тіпті көшеде бірде‑бір адаммен ұрсысып көрген емес. Ұрыс-керіске жоқ еді. Ұрып-соқпақ түгілі, дауысын қатты көтермейтін. Қызымды тұншықтырып жатқанда, ол тіпті қарсылық та көрсете алмаған. Қылмыскердің үстінде бірде-бір сызат жоқ. Өйткені қызымның кішкентай қол сүйектерін сындырып тастаған. Қызым өте нәзік еді.

Марқұмның бойы 160-162 сантиметр, салмағы бар-жоғы 40 келі екен. Анасының айтуынша, қызын тек тұншықтырып өлтірмеген, ұрып-соғып азаптаған. Прокурор қылмыстық іс барысында алынған айғақтарды ашып көрсетті. Сегіз айдан кейін табылған сүйек қалдықтарын марқұмның тіс щеткасынан алынған ДНК сынамамен әзер анықтапты. Айғақтар арасында мәйітімен бірге табылған жейдесі де бар. Сотталушы тараптың қорғаушысы кейбір дәлелдерге қарсылық білдіргенмен, айыпталушы кінәсін өзі мойындады. Айта кетсек, 23 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Ризуан Қайыржанов пен оның 25 жастағы досы Алтынбек Катимов қамауға алынған.

 

 

 

Бүгін, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
29 қазан, 15:26
Самат Қазақбаев: Масылдықты жоюға бағытталған шаралар Еңбек инспекциясының қатаң бақылауында
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
28 қазан, 13:58
Мақсат Халық: Қаржы сауаты қыруар шығыннан қорғайды
28 қазан, 12:33
Ерболат Ибрайханов: Әр ауылға таза су жеткізу – стратегиялық міндет
24 қазан, 14:44
Manish Chand: Kazakhstan’s foreign policy aims to build balanced relations and strengthen partnerships with nations large and small
24 қазан, 14:04
Бітімгерлер – бейбітшілік елшісі
24 қазан, 13:43
Маниш Чанд: Қазақстанның сыртқы саясаты үлкенді-кішілі мемлекеттермен теңгерімді байланыс орнатуға және серіктестікті нығайтуға бағытталған
23 қазан, 16:20
Нақты іске бағыттайтын бастамалар