jasqazaq.kz

Абайлаңыз, ел ішін «Омикрон» кезіп жүр

20 желтоқсан 2024, 11:58

Jas Qazaq денсаулық сақтау министрлігінен коронавирустық инфекцияның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпарат сұратты.

Министрліктің хабарлауынша, жыл басынан бері елде 2055 адам коронавируспен ауырған.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 6 есеге төмендегенін көрсеткен.
Эпидемиологтар республикада SARS-Cov-2 вирусының генетикалық зерттеулерін үздіксіз жүргізіп жатыр дейді министрлік. Соңғы деректер бойынша, ел аумағында «Омикрон» штамының нұсқалары айналымда жүр. Көп жағдайда ауру жеңіл түрде өтетін көрінеді.
Сонымен бірге, елде ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуі байқалады. ЖРВИ-нің 246 343 жағдайы және тұмаудың зертханалық расталған 397 оқиғасы тіркелген.
Министрліктің мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакцина егу уақытша тоқтатылған. Бұған халық арасында ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы және вакцинаға сұраныстың төмендеуі себеп болып отыр. Болашақта вакцинациялау туралы шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады.
Эпидемиологтар тұмау және ЖРВИ таралуының алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағып, гигиеналық ережелерді сақтау маңызды.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: gov.kz

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге