jasqazaq.kz

Абай облысында қолайсыз ауа райында жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынды

19 желтоқсан 2025, 10:20

 Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан жолға шығып кеткен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, күрделі метеорологиялық жағдай кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

inform.kz хабарлағандай, Республикалық маңызы бар көлік жолдарында қозғалысқа 28 рет шектеу қойылған. Оның 27-сі ауа райы жақсарғаннан кейін уақытылы алынып тасталған. Сондай-ақ көліктерді бірреттік өткізу бойынша 17 рет рұқсат берілді. Ал облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс 14 рет шектеліп, қосымша екі рет бірреттік өткізуге рұқсат берілген.

Алайда кейбір жүргізушілер жолдардың жабылуына қатысты ескертулерді елемеген.

— Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 7 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 3-і шетелдік, 4-і Қазақстан Республикасының азаматтары, — делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін және қолайсыз ауа райы жағдайында жедел қызметтердің жұмысын қиындататынын атап өтті.

 

 Фото: Kazinform

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді