jasqazaq.kz

Абай облысында әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді

03 қазан 2025, 12:15

Абай облысында халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 12 361 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 508 балаға қосымша ай сайынғы төлемдер беріліп отыр. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 4 291 адамға азайған.

– Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде өтініш берушілердің тұрмыстық жағдайын учаскелік комиссиялар FSM Social мобильді қосымшасы арқылы бағалайды. Геолокациямен жабдықталған бұл қосымша шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, формальды тәсілдердің алдын алуға мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар облыста жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін
22 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінде 18 мыңнан астам тұрғын тұрақты және уақытша жұмыс орындарына тартылды. Кәсіп ашқысы келетін азаматтарға қайтарымсыз гранттар беріліп, кәсіби оқытуға жолдамалар ұсынылуда.

Әлеуметтік көмек алушылар да жұмыспен қамту бағдарламаларына белсенді түрде қатысып отыр. Мәселен, еңбекке қабілетті 3 025 шартты ақшалай көмек алушының 75,2%-ы тұрақты және уақытша жұмысқа орналасып, кәсіптік оқыту мен гранттық қолдау шараларына қамтылған.

– Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2023 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілген төлем 1,5 млн теңге болса, биыл оның көлемі 5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ардагерлерге көрсетілетін қолдау көлемі де жылдан жылға өсіп отыр, – деп қорытындылады Айман Нұрлыбек.
JQ-Aqparat
Сурет: Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады