jasqazaq.kz

Әбдез Иманқұлов: Абай ауданында баршаға қолжетімді орта қалыптасып келеді

08 қыркүйек, 16:32

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау бағытында «AMANAT» партиясы ауқымды жобаларды іске асырып, қоғамның барлық мүшелері үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға күш салып келеді. Осыған орай «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов инклюзивті қоғам құрудағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ой бөлісті.
Атқарушы хатшының айтуынша, партияның негізгі бастамаларының бірі – «Кедергісіз келешек» жобасы. Бұл жоба аясында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесе отырып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен бірге, жұмыс берушілердің 2–4% квота талаптарын орындауын бақылау мақсатында еңбек ұжымдарында кездесулер мен мониторингтік шаралар ұйымдастырылуда. Қоғамдық қабылдаулар арқылы азаматтардың өтініштері тыңдалып, құзырлы органдарға жолданады.
Партияның 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сапасын арттыруға басымдық берілген. Бұл бағытта инватакси қызметін жетілдіру, оңалту құрал-жабдықтарын жаңарту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Әбдез Иманқұловтың айтуынша, қолжетімділікті бағалау тәсілдерін тәуелсіз сараптамалық ұйымдарға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, медицина, білім, мәдениет және спорт салаларын қамтитын «Социум» цифрлық жүйесі енгізіліп, әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарты жасалуда.
Абай ауданында үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнатылған. Бірлескен мәдени-көпшілік іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, ұсыныстар нақты жобаларға ұласып жатады. Соның бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жан Шуақ» республикалық фестивалі.

“Осы ретте, үкіметтік емес ұйымдармен жыл сайын «Жан Шуақ» республикалық фестивалітұрақты түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласы соңғы екі жылда бірінші орынды иеленгенін де айта кеткім келеді. Бұл – біздің осы бағыттағы жұмыстың бір нәтижесі,”-деді Әбдез Рахманұлы.
Одан бөлек, Әбдез Рахманұлы ауданның инфрақұрылымы туралы ақпаратпен бөлісті.
Шымкенттің ең ірі аудандарының бірі – Абай ауданы. Жалпы аумағы 490,7 шаршы шақырымды құрайтын өңірде 300 мыңға жуық халық тұрады.
Соңғы жылдары ауданда инфрақұрылым айтарлықтай жақсарды:
* Ауызсу мен электр жарығы 100% қамтылған.
* Табиғи газ – 85% тұрғынға жеткізілді, қалған елдімекендерге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
* 2024 жылы 86 көшеге жарықтандыру орнату үшін 500 млн теңге бөлінді.
* Жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында 35 мыңнан астам гүл көшеттері отырғызылды.
* 7 жаңа мектеп салынып жатыр, бұл білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
* «Бозарық» индустриялық аймағы ашылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны қарастырылған.
«AMANAT» партиясының бастамалары мен Абай ауданындағы инфрақұрылымдық жетістіктер өзара ұштасып, инклюзивті қоғам құруға жол ашуда. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындары үшін қолжетімді, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптасып келеді.

Олжас Әбдіхалық

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда