Абай ауданы жыл соңына дейін ауыз су және электрмен толық қамтылады

16 тамыз 2023, 22:28

Шымкенттің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Тілеш ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде аудан аумағындағы ауыз су, электр жарығы,табиғи газ, тұрғын үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша атқарылған ауқымды істер сараланған. Қазір аудандағы 27 елді мекеннің 26-ы сапалы ауыз сумен, электр жарығы бойынша 27 елді мекеннің 25-і электр жарығымен қамтылып, ол 92,5 пайызды құрап отыр. Жоспарға сәйкес 257 мыңнан астам халқы бар аудан жыл соңына дейін ауыз сумен, сапалы электр қуатымен толық қамтылады.

Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-ы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдаланады. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елді мекендеріне газ кіргізу жұмыстары басталған. Құрылыстың бірқатары келесі жылға өтпелі.

– 2024-2025 жылы жылы 5 елді мекен, атап айтқанда, Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық, Жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл табиғи газбен қамтылатын болады. Аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 18 орын анықталған. Аталған су басу орындарына ирригациялық жүйелер салу жұмыстары басталды, 2025 жылға дейін толық бітіп қалады. Абай ауданына әлеуметтік маңызы бар нысандар да қажет. Онда әзірге 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. Бұл тұрғындар үшін аздық етуде. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалын салып бермекші. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ саяжайы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына да емхана салу жоспарда бар, – дейді Нұрлан Тілешұлы.

Ауданда мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ғимараты салынады. Биыл 4 мектеп Нұршуақ, Жаңатұрлан, Бозарық шағынаудандарында бой көтерсе, 2025 жылға дейін заманауи білім ошақтары Асар -2, Шымкент Сити, Достық елді мекендерінен салынады.

Аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудан аумағы 7 секторға бөлінген. Әрбір сектор бойынша тазалыққа жауапты мамандар бекітіліп, 23 техника 210 адам жұмылдырылған.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз