jasqazaq.kz

Ағылшын тілі мұғалімдері Алматыда кімге өкпеледі?

22 қараша 2016, 22:52

agylshyn-tili

Тіл үйренемін деп тентіреп қалды! Алматыға білімін жетілдіру үшін келген мыңнан астам оқытушы тиісті ақшасын ала алмай жүр. Елдің бүкіл өңірінен жиналған ұстаздарды Білім министрлігі ағылшын курсына деп арнайы шақыртып алған екен. Алайда,шәкіртақысын сол күйі бермей қойған. Қалтасындағы соңғы теңгесін пәтерақыға жұмсап, енді тамақ алып жеуге ақша таппай қиналған педагогтар бүгін білім ордасына жиналып шу шығарды.

Замира Айтжанова – Каспий мемлекеттік университетінің оқытушысы. Білдей кафедра доценті енді үйіне қайтуға ақша таппай жүр. Алматыға тіл үйренемін деп келген ұстаз екі ортада теңгесіз қалған.

Замира Айтжанова, Каспий мемлекеттік университетінің оқытушысы:

-Кредитке төлейін деп отырған ақшамызды жұмсадық жолымызға, пәтерге. Мен енді үйіме  кете қалмай қалуым да мүмкін.

Ұстаздарды Білім министрлігі ағылшын тілін үйретпек боп Алматыға шақыртқан екен. Ал шәкіртақысын келген бойда төлейміз деген. Алайда теңгесі сол күйі түспей, жүздеген педагог жиырма күннен бері тентіреп жүр.

Нұрлыхан Әйітова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы:

-Жағдайымыз өте нашар. Барлығымыз пәтер жалдап тұрып жатырмыз.Ақша қалмады.

Зоя Сейілова, Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы:

Келгеннен кейін бір аптадан кейін беріледі деген. Берілмей отыр. Бір-біріне сілтеушілік көп. Мұғалімдердің қандай кінәсі бар? Ешқандай кінәсі жоқ.

Бәрінен бұрын алыс өңірлерден ат арылтып келген ұстаздар қиналған. Бар қаржысын пәтерге төлеп қойып, ал тамаққа ақшасы таусылыпты. «Ағылшынша оқимыз» деп жүріп аштан қалмас үшін амалсыздан үйлерінен ақша сұратыпты.

Елмира Хатова, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы:

-Үйден сұратып жатырмыз. Далада жүрген соң сұрайтын ешкіміміз де жоқ.

Дегенмен, мұғалімдердің барлығының бірдей мұндай мүмкіндігі де жоқ екен. Көбі жалақысына дейін жұмсап қойған. Ендігі қайтар жолға ақша таппаған 500-ге тарта педагог бүгін жиналып шу шығарды. Олармен кездесуге Білім министрлігінің өкілі де келген. Өздеріне шаң жуытпаған шенеуніктер бар кінәні ұлттық университеттерге аудара салды.

Наужан Дидиарбекова, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

— Жоғарғы оқу орындары  шотты кеш ашуына байланысты ақшаларын алған жоқ. Қалай ақша түседі, береміз оқытушыларға. Осы аптада түседі қаржы.

Мың адамға бір айда ағылшынша сайратамыз деген министрліктің әрекеті, қашанғыдай игерілмей қалатын бюджет ақшасын үлестірудің бір жолы ғана болса керек. Оның өзінде, тіл үйретуге тендер жазда жарияланыпты. Сонда оларды Алматыда 4 бірдей жоғары оқу орны қарсы алады деп ұйғарылған. Тек теңге сол күйі аударылмай, ұстаздар жолақысына дейін өздері төлеген. Ал мұғалімдерді ойлап басын ауыртқысы келмеді ме ұстаздарға мән-жайды түсіндіруге келген министрлік өкілі жиналысты сол күйі бастамастан кетіп қалды.

 ktk.kz

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды