Ақтөбе өңіріндегі 30 мың адам есепте жоқ

24 желтоқсан 2016, 0:04

Ақтөбеде отыз мыңнан аса тұрғын мүлдем есепте жоқ. Бұл көрсеткіш қала айналасындағы бау-бақша учаскелеріне соңғы жүргізілген тексеріс пен санақтан кейін ғана белгілі болған. Сонымен қатар Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осы саяжайларға жергілікті полицияның жиі барып тұруларын сұрады. Өйткені бұл аймақтардан шығатын қылмыстың түрі көп және жат ағымдағы жастардың үйірі де осы жерде екен.

31.kz хабарлағандай, Ақтөбе қаласы маңындағы саяжай тұрғындары жағдайларының жоқтығын айтып бүгін әкімге шағымданды. Жерлері мен үйлері болғанымен көшенің атауы былай тұрсын, жарық, жол, не су жоқ-, дейді тұрғындар. Көшелердің жоқтығынан тіпті учаскелік полицей мен дәрігерлеріміз де біздің қайда тұрып жатқанымызды білмейді дейді.

— Біз дачный участокте тұрамыз. Участковый да, медициналық қызметкерлер де келмейді ешқайсысы. Даже біздің көшемізді білмейді да. Свет деген жоқ.

— Мен да дачный участкеде тұрамын. Қаланың қақ ортасында тұрсақ та от жағамыз.

Облыс басшысы саяжайларда тәртіптің жоқтығынан хабардар екен. Бақылау болмағандықтан, тұрғын үйлер рет-ретінсіз салынып кеткен.
Облыс әкімі ендігі жерде бау-бақша учаскелерінің қатаң назарға алынатынын және тәртіптің орнайтынын айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі:
— Дачада тәртіп жоқ. Біз тәртіп орнатуымыз керек. Сондықтан біз тексеру жүргіздік. Отыз мыңнан аса адам есепте жоқ, білесіздер ма? 30 000-нан аса адам есепте жоқ. Қазір оның бәрін біз қарап жатырмыз. Дачаның бәрін біз заңға сәйкестендіреміз. Сосын барып ол жерде жол, жарық, су болады.

Ал діни ахуалы жағынан елге әйгілі болған Ақтөбе жастарының жат ағымға кетуін отбасындағы тәртіп пен тәрбиенің жоқтығынан деді өңір басшысы. Үйде отырған ата-ана баласының, немересінің немен айналысып, кіммен кездесіп жүргенінен хабарсыз. Балаларының жат діннің жетегіне қалай кетіп жатқанын білмейді. Ал солардың көбі енді бармақ тістеп, түрмеде отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі:
— Бұл жердегі мәселе тәртіптің, тәрбиенің, бақылаудың нашарлығы. Ең бірінші ата-ананың тарапынан. Не ата-анасы білмеді ме, баласының не істеп жүргенін? Немересінің не істеп жүргенін? Мектептердегі мұғалім білмеді ме, не оқып жүргенін? Көріп отырсыздар ана Сирияға кетіп жатқан, біздегі балалардың не болып жатқанын. Олар қазір мына жағын тістейін десе жетпейді, қайтып келейін десе бітті шаруасы. Сонымен енді жылап отыр. Әкесінен, әйелінен, бала-шағасынан кешірім сұрап.

Ақтөбеде сондықтан, жат ағыммен күрес те кең ауқымды жүргізілмек. Яғни, енді ұялы телефондардағы жазбалар мен әлеуметтік желілердегі байланыс тексерілетін болады.

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде