jasqazaq.kz

АҚШ ресейлік 35 дипломатты елден шығарып жатыр

30 желтоқсан 2016, 10:59

Америка билігіндегілер АҚШ-тан ресейлік 35 мәмілегерді елден шығарып, жұмадан бері Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорк штатындағы екі мәмілегерлік өкілдікті жауып жатыр, — деп хабарлайды Reuters агенттігі АҚШ әкімшілігіндегі жоғары қызметтегі шенеунікке сілтеме жасап.

tengrinews.kz хабарлағандай, жоғары қызметтегі шенеуніктің айтуынша, Ресей азаматтары 72 сағат ішінде АҚШ аумағынан кетуі тиіс.

Ал РИА Новости мәліметінше, АҚШ президенті Барак Обама елден шығарылып жатқан мәмілегерлерді «барлаушылар» деп атаған. Барак Обаманың айтуынша, АҚШ-тағы екі мәмілегерлік өкілдік елдегі жағдайды барлау үшін қолданылып жүрген.

29 желтоқсанда, бейсенбіде Барак Обама Ресейге қатысты жаңа саңкциялар туралы қаулыға қол қойды. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, санкция Ресейдегі алты адам мен бес ведомство үшін енгізіліп отыр. Оларды америкалық жүйелерге кибершабуыл жасады деп айыптап отыр. Айта кетейік, тізімдегі алты адамның ішінде Бас барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов, бірінші орынбасарлар Владимир Алексеев пен Игорь Костюков, орынбасар Сергей Гизунов, Алексей Белан мен Евгений Богачев бар.

Сонымен қатар, Барак Обама бұл санкциялардың «АҚШ-та өткен сайлауға араласқандарға» жауап ретінде енгізілгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қаулы бойынша, санкциядағы тізімге енгізілген жеке тұлғалардың мүлігіне тыйым салынатын болады.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті