jasqazaq.kz

АҚШ келіссөздерді Астанада өткізу бастамасын қолдады

06 қантар 2017, 9:41

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия бойынша Астанада өтетін кездесу істің алға жылжуына ықпал ететінінен үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Риа Новости.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «біз Астанада өтетін кездесу алдыға жасалған зор қадам болады деген ойдамыз, әрине, егер ол болатын болса. Көзқарастардың өзгеруі мен Сирияда болып жатқан жағдайларды ескергенде кездесуге қатысты күдік те жоқ емес»,-деді Керри Вашингтонда өткен баспасөз-мәслихатында. «Біз Астанада өтетін кездесуді қолдаймыз және ол алдыға қадам жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мен Де Мистурамен (БҰҰ- арнайы елшісі) сөйлестім. Біздің барлығымыз келісеміз, мақсатымыз бұрынғысынша қалады. Яғни бізге Женеваға барып, нақты келіссөздер жүргізуіміз қажет»,-деді Керри ақпанда Женевада Сирия мәселесі бойынша өтетін кездесуді меңзеп. Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Таийп Ердоғанмен Сириядағы жанжалдасушы тараптардың бейбіт келіссөздерін Астанада өткізу жөнінде келіскендігін айтқан болатын. Оның сөзінше, жаңа алаң Женева келіссөздерін толықтыруы мүмкін. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған бастаманы қолдап, мұндай келіссөздер үшін Астанадан алаң ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Астанада кездесу 23 қаңтар күні, ал, Женевада 8 ақпанда өтеді деп жоспарлануда.

 

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы