jasqazaq.kz

Ақпарат министрлігі: Балаларға арналған интернет болады

30 қыркүйек 2016, 17:45

zavisismost

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ғаламторды пайдалану бойынша адамның жасына қарай тиісті шектеулер бар. Алайда барлық нормалардың орындалуын бақылау қиынға соғып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде министрлік ақпарат пен коммуникациялар саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Соның ішінде балаларды зиянды ақпараттан қорғау мәселесі де бар. Депутаттар аталған заң жобасын тездетіп қарауға енгізуді сұрап отыр.

«Атап айтқанда, мектептер балалар үшін ғаламторды ұсынса да, зиянды контентті бұғаттауға міндеттеледі. Оны арнайы бағдарламалар арқылы, я болмаса, байланыс операторларымен келісе отырып, істеуге болады. Бұдан бөлек, байланыс операторлары «балалар интернеті» деп аталатын қызметті іске қосуы тиіс. Кез келген тариф сияқты оның да белгілі бір ақысы болады. Бүгінде қызметтің бұл түрі кейбір мемлекеттерде бар. Телефонды сатып алғаннан кейін оған «балалар интернеті» қосылады. Соның арқасында заңсыз сайттар ашылмайды», — деді Ж.Қожахметов «16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне шектеу қою» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысында.

Оның айтуынша, осы және басқа да нормаларды іске асыру үшін қоғамның белсене атсалысқаны қажет. Себебі балалардың ата-аналары осы проблеманың маңыздылығын түсінбесе, алдағы өзгерістердің іс жүзінде қолға алынуы екіталай.

Бүгінгі «дөңгелек үстелге» қатысқан депутат Зағипа Балиева министрлік әзірлеп жатқан заң жобасын тездетіп Парламенттің қарауына енгізуді сұрады. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін балаларды зиянды ақпараттан қорғауға арналған заңнама қабылданған еді. Алайда оның нормалары іс жүзінде қолға алынбады.

«Ашығын айту керек, осы саладағы заңнаманы даярлағанда заң мен мораль нормаларының тепе-теңдігін сақтау қажет. Себебі заңда көп нәрсені жазуға болады. Бірақ отбасыда мораль жағы әлсіз болса, оны ешқандай заңдармен түзете алмайсын. Біз кез келген нәрсені алдымен балаға несімен пайдалы екенін ойлауымыз қажет. Үйде де, түзде де, кітап, азық-түлік, киім-кешек, ойыншықтар, жол қозғалысы болсын, ең бірінші балаларға қаншалықты пайдалы болатынын ескеруіміз керек», — дейді Балалар құұқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева.

 

Baq.kz

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды