jasqazaq.kz

А.Мырзахметов: Елімізге импортталатын ет тексерілмейді деп кім айтты?

29 қараша 2016, 14:10

et

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов «Қазақстанға импортталатын ет тексерілмейді» деген Есеп комитетінің қорытындысына жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде етті импорттаудың нақты ережелері бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен. Министрдің сөзіне қарағанда, Есеп комитеті жариялаған фактілерге Ветеринарлық бақылау комитетінің басшысы Сақташ Хасеновтың қатысы жоқ. «Хасеновтың өзі тікелей заң бұзушылыққа барып отыр. Оның жалпы жүйеге ешқандай қатысы жоқ. Өйткені ережеде тексерістердің (етті тексеру шаралары — авт.) бәрі қарастырылған», — деді А.Мырзаxметов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. «Демек, Қазақстанға импортталатын еттің бәрі тексеріледі ғой?» деген сұраққа министр: «Әрине, тексеріледі. Тексерілмесе болмайды ғой. Ол — бір. Екіншіден, біздің ережемізге сәйкес, етті елімізге әкелердің алдында оның сол жақтан да тексерілгендігі туралы құжаты болуы тиіс. Сондай куәлікті бергеннен кейін барып, біз өз рұқсатымызды береміз», — деп жауап берді. Айта кетейік, жақында ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшелері шекараның арғы жағынан келетін еттің арнайы тексерістен өтпей жатқанын анықтады. «Шынымды айтсам, біз барлық импорттық өнімдер тексеріліп тұрады деп ойладық. Сөйтсек, ол өнімнің тек 5-6 пайызы ғана тексеріледі екен. Демек, қалған 94 пайызы ешбір тексеріссіз келеді. Бізде нақты статистика да бар. 2014 жылы қой етінің бір ғана партиясы тексерілді. Сондай-ақ балықтың жеті партиясы, шошқа етінің тоғыз партиясы және құс етінің тек отыз екі партиясы ғана тексерістен өткен. 2015 жылда қой етін мүлдем тексерген жоқ. Шошқа етінің үш партиясы тексерілді. Болды. Осы орайда біз азық-түлік қауіпсіздігі бар деп айта аламыз ба?», — деді Комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

ҚазАқпарат

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы