7145 студенттің жатақхана өтемақысы төленеді

15 тамыз 2023, 19:22

Басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айрылған студенттердің жатақханада тұру шығыны өтеледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке «…студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды» тапсырған болатын.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Президент тапсырмаларын орындау аясында  Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыстары үшін өтемақы төлеу көзделген.
Жатақханаларда тұру шығыстары үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алатын болады.
Олардың ішінде 4 651 жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер. 2 494 мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедек адамдар, мүгедектігі бар балалар бар. Өтемақы осы жылдың қыркүйегінен бастап беріледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады