7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған

03 қараша 2023, 10:00


Маңғыстауда биыл 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған. Әсіресе инватакси қызметінде заңбұзушылықтар көбірек тіркелген.
Инватакси қызметі заң бойынша үзіліссіз, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі тиіс болса, олар тек 8 сағат қызмет көрсеткен. Сондай-ақ мүгедектігі бар 3 мыңнан астам адам оңалту-сауықтыру шараларынан шет қалған. Өйткені, жауапты мекеме 66 млн теңге қаржыны тиісті мақсатта жұмсамай, ұстап отырған. 100-ге жуық мүгедек медициналық тексеруден қайта өтуге мәжбүр болған. Бұған дәрігерлердің тиісті құжаттарды дұрыс толтырмауы себеп болған.
Қаладағы әлеуметтік нысандардың 100-ден астамы мүгедектігі бар адамдар үшін талапқа сай емес. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 7,5 млн теңге айыппұл салынған.
— Облыс аумағындағы инфрақұрылым объектілері тиісті талаптарға сәйкес емес екені анықталды. Олардың басшылары қадағалау актісімен 7,5 млн теңге төлеу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокурорлық қадағалау актісімен жартысынан көбі талаптарға сәйкестендірілді, — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу