jasqazaq.kz

7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталып, 102 есірткі зертханасы жойылды

18 тамыз 2025, 10:59

7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталып, 102 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Биыл жеті айда есірткіге қатысты 4655 құқықбұзушылық анықталды, олардың 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есірткі жасырушылардан бастап есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар ашылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде үш трансұлттық қылмыстық топ жойылды. 12 басшы мен 48 белсенді қатысушы ұсталды. Халықаралық серіктестік аясында Ресей Федерациясымен бірлесіп, өткен жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол ел аумағында синтетикалық есірткі өндіру бойынша бірнеше есірткі зертханасының жұмысын ұйымдастырған. Ағымдағы жылы 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді. Сонымен бірге синтетикалық есірткінің тәркіленген көлемі үш есеге артып, бір тоннадан асты», — делінген хабарламада.

Есірткі өсірудің 322 фактісі және 76 контрабанда дерегі анықталды.

Жаңа цифрлық шешімдердің арқасында жастар арасында танымал есірткі сайттарының бұғатталуы үш есеге артты. Олардың саны 20 мың. Шоттарында 2,5 миллиард теңге жинақталған күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталды. 102 есірткі зертханасы жойылды: олардың 11 синтетика өндіру бойынша, 91 фитозертхана. Есірткі бизнесіне 110 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілді. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ есірткі қылмысы қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

 

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр