7,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

22 тамыз 2023, 8:49

Сурет: prіmeminіstеr.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында 2022 жылдың басынан бастап игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн гектар ауылшаруашылығжерлері  мемлекетке қайтарылды. 

Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарағанды облысында 1,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ Қостанай облысында – 738 мың гектар, Ақтөбе облысында – 745 мың гектар,  Түркістан облысында – 631 мың гектар, Павлодар облысында – 532 мың гектар мемлекет иелігіне өтті. 
Ел бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн гектар аумақты қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылды. Қазір 240,9 мың гектар аумақ бойынша 246 материал сот қарауында.
Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кірісті.
Қабылданған шешімдердің заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың гектар ауылшаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз