jasqazaq.kz

682 млн теңгені жымқырған клиника басшысы Испаниядан вилла сатып алған

15 қантар, 11:32

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
ҚМА мәліметінше, 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған. Оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған.
Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген.
Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен.
Соның нәтижесінде клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Қор қаражатынан заңсыз түрде 682 млн теңге алған.
2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі — 364 млн теңге — клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.
Күдікті қамауға алынды.
Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлікке тыйым салынды.
Тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
JQ-Aqparat
Сурет: КМА видеосынан

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге