jasqazaq.kz

60 мың әке баласын жалғыз өсіруде

13 ақпан 2017, 15:57

Біз «Азаматтық неке» түсінігін қайта қарауымыз керек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен жиында заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.  Оның айтуынша, «Азаматтық неке» жұрттың үйреншікті жүйесіне  айналды. Ал некенің бұл түрінде ешқандай жауапкершілік жоқ. Сонымен қатар, ата-ананың өз баласына отбасы құндылығын сіңіретін терең рухани ізденіс жетіспейді. 2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар кеңесі жиынында келесі мынадай дерек келтірілді: 72 мың сәби некесіз туған. Ал жалғыз басты ана 400 мыңнан асады. 60 мың әке баласын жалғыз өсіруде.  Анасымен 700 мың бала бірге тұрса, тек әкесінің тәрбиесіндегілер  300 мыңнан астам. 31 мыңнан астам жәутең көз жетімнің күйін кешуде.

Н.Әбдіров 2016 жылы Балалар үйінде 6 мыңға жуық жеткіншек тәрбиеленіп жатқанын айтады. Ал еліміздегі ұлттық экономика министрлігіне сүйенсек, үш жылдан бері некеге отыратындар қатары азайып келеді.  Керісінше, соңғы жеті жыл бойы ажырасатындар көбейді.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді