57 млн теңгеге зергерлік бұйымдар әкеліп, 860 000 теңге пара бермек болған (Видео)

20 қазан 2023, 12:58

Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды.
Бұл азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді