Анталия қаласының тұрғыны Гюллюшен Гюзель 56 жасында тұңғыш рет ана атанды. Ал егіздердің әкесі – 58 жаста деп хабарлайды ummet.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жасының ұлғаюына байланысты әйелге жүктілік ауыр тиген. 9 ай ішінде Гюллюшен Гюзелдің қан қысымы жиі көтеріліп, Анталия университеті ауруханасында профессор Селахаттин Кумрудың бақылауында болған.
Дәрігерлер әйел денсаулығын зерттей келе, 34-аптада әйелді кесір тілігі арқылы босандырды.