jasqazaq.kz

5 млрд теңгенің жай-жапсары тексерілуде

26 желтоқсан 2016, 18:37

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Бірыңғай жинақтаушы зайнетақы қоры (БЖЗҚ) «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Бұл мәміле Қазақстандық қор биржасы сауда жүйесінде ұйымдасқан нарықта жасалған. «Өткізген орны: бастапқы орналастыру жасалатын мамандандырылған сауда-саттық. Сатып алушы — БЖЗҚ. Мәміле сомасы — 5 миллиард теңге, яғни БЖЗҚ бұл мәмілені өз қаражатымен жасаған. Оның Ұлттық банк жүзеге асыратын зейнетақы активтеріне ешбір қатысы жоқ. Қылмыстық істі ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу басқармасы қозғады», — деді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Александр Терентьев. Ол барлық тергеу шараларын ҰҚКД жүргізіп, ал Ұлттық банк оған жәдемдесіп жатқанын атап өтті. «Тексеру бірлескен күшпен жүзеге асуда. Бұл мәмілеге ықпал етті», — деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 желтоқсаннан бастап ҚР ҰБ қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметіне тексеру жүргізілуде. Тексеру жекеменшік  активтерді инвестициялауға қатысты БЖЗҚ АҚ жасаған операция бойынша жүзеге асырылды. «БЖЗҚ» АҚ жекеменшік активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптасады. Жекеменшік активтерді басқаруды АҚ дербес жүзеге асырады, деп атап өтті Ұлттық банкте. Еске салсақ, бұдан бұрын БЖЗҚ  ақша жымқырды деген ақпаратты жоққа шығарған, сондай-ақ «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алғаны жайлы хабарланды.

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті