jasqazaq.kz

5 баласын тәрбиелеуден бас тартқан ана

18 қантар 2017, 19:30

Маңғыстау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы ерлі-зайыптылардың балалары кіммен қалатыны медиативтік келісім бойынша жасалды. 5 баланы әкесі тәрбиелейді — анасы бизнеспен айналысып, балаларын өсіруге босамайтындықтан келісім берген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Талапкер өзінің өтінішінде кәмелетке толмаған бес баланың мекенжайын өзімен бірге анықтауды сұраған. Себебі, олардың анасы бала тәрбиесімен айналыспайды. Әйел сауда-саттықпен айналысып, көбінесе тауар алып келуге кетеді, балалары қараусыз қалған. Әкесінің табысы жақсы, тек балаларының болашағын ойлайды. Сот отырысы барысында тараптар медиация және iс жүргiзудi қысқарту барысында дауды (шиеленіс) реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді. Екіжақты шешіммен балалардың мекенжайы әкесімен белгіленді. Ол алимент сұрамаған, демек анасы төлемейтін болады. Олардың екеуі де Жаңаөзен қаласында тұрады», — деп айтты Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова. Әкесі, өз кезегінде, анасының балаларымен қарым-қатынас жасауына қарсылық танытпады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті