jasqazaq.kz

40 адамның атынан кредит алған әйел сотталды

27 қараша 2017, 19:27

Оңтүстік Қазақстан облысында құйтырқы әрекеттермен 40 адамның атынан несие алған алаяқ сотталды. Сарыағаш қаласында тұратын әйел осылайша жұртты қарызға белшеден батырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыағаш аудандық прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, 25 жастағы сотталушы азаматтарға тез арада қарыз беретін компанияда оператор-есепші қызметін атқарған. Ол компанияға қарыз сұрап келгендердің аңғалдығын пайдаланып, сұраған ақшаларының үстінен артық ақша рәсімдеп отырыпты. Ол қағаздарға кредит алған адамдар қарамай қол қоя салған. Сөйтіп артық ақшаны бас пайдасына жаратып жүрген. Қазірдің өзінде осындай алданған адамдардың саны 40 адамға жетіп отыр. Бәрі де несиесін төлегенімен, компанияға тағы қарыз болып қалғандарын кеш білген.

«Азаматтар бірінен соң бірі арыздана бастағанда тексеру жүргізіліп, алаяқ әйелдің қылмысы әшкере болды. Қазірдің өзінде оператор-кассир әйелдің 40 азаматты алдап соғып, ақша алғаны анықталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды. Сарыағаш аудандық соты әзірге 8 алаяқтық дерегі бойынша үкім шығарып, есепшіге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,- дейді Файзулла Тұрымов.

Прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда сотталушының үстінен тағы 32 алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Есепшінің кінәсі дәлелденсе оның жазасы ауырлай түсуі мүмкін. Сотқа дейін тергеу жұмыстары жалғасуда.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ