jasqazaq.kz

4:0. Біздің футболшылар ерледі!

10 қазан 2025, 21:15

Ел құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойында Лихтенштейн командасын тізе бүктірді деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бірінші таймда есепті Ғалымжан Кенжебек ашты. Оның артынша Бахтиёр Зайнутдинов гол соқты.
Екінші таймда Кенжебек қарсыласты тағы да қапыда қалдырды. Әлібек Қасым да допты қақпаға тура бағыттады.
Сөйтіп ұлттық құрама 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Келесі жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алты кездесудің қорытындысы бойынша біздің құрама алты ұпай жинап, топтық кезеңде төртінші орынға жайғасты.
Келесі кездесу 13 қазанда Скопье қаласында өтеді. Сол күні біздің құрама Солтүстік Македония футболшыларымен ойнайды.
JQ-Aqparat
Сурет:

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді